"Тобыл" Конференция лигасында "Линкольн" командасын жеңді
"Тобыл" Конференция Лигасының екінші іріктеу айналымының алғашқы матчында жеңіске жетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қостанайдағы "Орталық" стадионда Милан Милановичтің ойыншылары Гибралтардың "Линкольн Ред Импс" 2:0 есебімен ұтты. "Тобыл" қарсыластың қақпасына оннан аса соққы жасаған, дегенмен бірінші таймда гол сала алмаған.
Қазақстан чемпионы сапында 65 минутта Айбар Жақсылықов пен 90 минутта Жарко Томашевич ерекшеленді.
Енді қарымта ойын 28 шілде күні 30 мың халқы бар Гибралтар аралында өтеді.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған

