Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тыйым салынған ағым өкілі: СҚО-да ер адам жұртты адыраспан және қасиетті сумен "емдеген"

Солтүстік Қазақстанда полиция адамдарды адыраспанмен және қасиетті сумен емдейтін тұрғынның қызметіне тыйым салды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Петропавл қаласындағы учаскелік полиция инспекторымен бірлесіп, оккультизм-мистикалық ұйымның заңсыз қызметін жүзеге асыру фактісін анықтады.

1974 жылы туған Қызылжар ауданының тұрғыны Жамбыл көшесіндегі  үйлердің бірінде белгілі бір ақша сомасына жергілікті тұрғындардың қасиетті жерлерге баруын ұйымдастырған. Ол тұрғылықты жерінде адамдарды қабылдап, денені адыраспан сияқты шөптермен және қасиетті сумен тазарту, ата-бабалардың рухтарына жүгіну және бүкіл аумақта тыйым салынған оккультизм-мистикалық ағымға тән көптеген басқа әдістермен емдеуге уәде берді", - деді полицияда.

СҚО ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Руслан Жарасбаевтың айтуынша, азаматқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 489-бабының 10-бөлігі "қызметіне тыйым салынған, белгіленген тәртіппен тіркелмеген қоғамдық, діни бірлестіктердің қызметіне қатысу" бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Оған 25 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

"Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 05.02.2009 жылғы шешімімен "Ата жолы" ("Ақ жол") ЖШС қызметіне Қазақстан Республикасының барлық аумағында тыйым салынған", - деп атап өтті полициядан.

Талқылау