“Титаниктің” бас кейіпкерлері бірге демалып жатқан жерлерінен ұсталып қалды (фото)
Голливуд жұлдызы Леонардо Ди Каприо мен оның «Титаник» фильміндегі серігі Кейт Уинслет бірге жүрген жерлерінен ұсталып қалды. Қос кино жұлдызы Сен-Тропедегі виллалардың бірінде жартылай жалаңаш күйде жүрген.
Бұл туралы Us Weekly хабарлады.
41 жастағы актриса Францияға жалғыз өзі келген. Күйеуі де, балалары да Кейттің жанында жоқ. Папарацци қос актерді бассейнге түсейін деп жатқан жерлерінен суретке түсріп алған.
«Титаниктің» бас кейіпкерлерін бірге көрген жанкүйерлер олар табысты деп болжады. Бұл сыбысты Кейттің күйеуімен арадағы байланысының нашарлағаны жөніндегі ақпараттар растай түсті. Әрі Лео бірнеше ай бұрын кезекті сүйіктісімен айырылысқан болатын.
Алайда Ди Каприо да, Уинслет де бұған қатысты ешқандай пікір білдірмеді. Ал оларды жақын танитын адамдар қос актердің арасында достықтан өзге ештеңе жоқ екеніне сенімді.
Жіберіп алмаңыз:
“Алашұлының” Ninety one-ға қарсы шығарған клипі желіні “жарды” (видео)
Италияның танымал әншісі Рамазотти астаналық полицеймен ән шырқады (видео)
Төреғали Төреәлінің намаз оқып, ішімдік ішпейтіні белгілі болды (видео)