Тіс дәрігері кешке тіс жумаудың қауіпін айтты
Тіс дәрігері Алексей Антипенко кешке тіс жумаудың қауіпі туралы айтып берді. Оның сөзінше, кариес түзіліп, тістің түсуіне әкеп соғуы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Москва 24" басылымына сілтеме жасап.
Алексей Антипенко тамақ қалдықтарын тазалаудың маңызды екенін алға тартты. Себебі ауызда болатын түрлі бактериялар қантты ұнатады екен, сонымен қатар тез қорытады. Бактериялардың ұзақ өмір сүруі фолий, күкірт және өзге де қышқылдардың түзілуіне әсер етеді.
"Бактериялар көп қозғалмайды, бір орында болады. Яғни қышқылдар бір жерде түзіледі. Көбіне қышқылдар тіс қуыстары арасында шоғырланады. Бұл тістің қатты тінінің бұзылып, кариестің түзілуіне әкеліп соғады", - деді дәрігер.
Сонымен қатар дәрігер тіс щеткасының ауыз қуысын толық тазарта алмайтынын айтады. Уақыт өте кариес дұрыс жуылмаған аймақтарда жиналғандықтан, тісті жіппен немесе ирригатормен тазарту керек.
Талқылау

Радикализмнен қорғанудың жолы – иммунитет қалыптастыру: Теріс ағымнан сақтануда сақтануда діни білімнің маңызы қандай
Әл-Фараби Болатжан: “Надандық бар жерде радикалдық ағым кең етек жая бастайды”

"Несиенің пайыздық мөлшерлемесі азаяды": Сарапшы коммерциялық банктер тұрғын үй жинағын енгізсе қандай өзгерістер болатынын айтты
Сарапшы: "Бұл ұзақ мерзімді перспективада банктік жүйеге де оң әсер етеді. Уақыт өте келе қаржыландыру арзандайды, яғни ставкалар төмендеп, неғұрлым қолайлы деңгейге жетеді”