Тілеухан Әбілдаев: Алматы қаласындағы ауруханаларда коронавирус жұқтырған 6 адам жатыр
Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Алматыда коронавирус жұқтырған 6 адамның жағдайы туралы айтып берді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Алматы қаласындағы ауруханаларда коронавирус жұқтырған 6 адам жатыр. Бұған дейін хабарланғандай, Германиядан келген үш пациент бар. Төртіншісі Мәскеу-Алматы рейсімен келді. Қазіргі уақытта төрт пациенттің жағдайы қанағаттанарлық. Екеуінің жағдайының ауырлығы орташа. Олардың бәрі бекітілген хаттамаға сәйкес ем алуда. Дер кезінде вирусқа қарсы және симптоматикалық терапия басталды», - деді Тілеухан Әбілдаев баспасөз мәслихатында.
Айт кетейік, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 8-ге жеткенін хабарлаған еді.
Тоқаев Қазақстанда Төтенше жағдай жариялады.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды