Теннисші Елена Рыбакина Дубайдағы жарыстың үшінші айналымына өтті
Қыздар арасында Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Дубайдағы WTA 1000 жарысында келесі айналымға өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Stan.kz
Әлемнің жетінші ракеткасы екінші айналымда жапониялық Моюка Учижимаға қарсы кездесу өткізді. WTA рейтингінде 62-орында тұрған Учижима Еленаға еш қарсылық көрсете алмады. 62 минутқа созылған бәсекеде Рыбакина 6:3, 6:2 есебімен жеңіске жетті.
Бұл қазақстандық спортшының 2025 жылғы 11-жеңісі. Келесі айналымда Рыбакина Пауло Бадосаға қарсы ойнайды. Қазір испаниялық теннисші рейтингте 10-орында келеді.
Айта кетейік, Дубайда өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы жарыстың жалпы жүлде қоры 3,6 миллион доллар болды.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

