Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Fitch рейтингі: Қазақстанның тәуелсіз кредиттік деңгейі "тұрақты" деп бағаланды

Fitch халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингінің "BBB" деңгейінде екенін растап, тұрақты деп баға берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: equity.today

Ұлттық экономика министрлігінің дерегінше, еліміздің рейтингін көрсететін негізгі факторлардың қатарына – елеулі сыртқы буферлер, шетел валютасындағы резервтер, тұрақты фискалдық жағдай, мемлекеттік қарыздың төмен деңгейі, сондай-ақ сыртқы тәуекелдерге орташа әсер еткен.

Fitch Ratings сарапшылары валюталық резервтердің одан әрі нығаюын, импорттың қалыпты артуымен және мұнай өндіру мен экспорт көлемінің ұлғаюы аясында кезекті шот тапшылығындағы қысқартуды болжап отыр.

Fitch пікірінше, бюджет шығыстарының өсуін шектейтін жаңа фискалдық ережелер және Қазақстанның ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферт салық-бюджет саясатын нығайтуға тиіс.



Бұған қоса, Fitch қайталама санкцияларды енгізудің салыстырмалы түрде төмен тәуекелдерін және олардың Қазақстан экономикасына әсерін атап өтті.

Еске салайық, бұған дейін мерзімі 90 күннен өткен берешегі бар азаматтарға кредит беруге тыйым салынғанын жазған едік. Мерзімі өткен берешекті реттеу бойынша қарыз алушылардың құқықтарын қорғау үшін төлем мерзімін өткізіп алған кезден бастап 24 айға дейін жеке тұлғалардың талап ету құқықтарын коллекторлық агенттіктерге беруге шектеу енгізіледі және берешекті реттеудің кемінде бір рәсімін міндетті түрде жүргізгеннен кейін ғана беруге рұқсат етіледі.

Талқылау