Теңге бағамы қайта нығайды
Қазақстандық KASE қор биржасындағы сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 443,85 теңгені құрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сауда қатысушылары теңге-доллар жұбымен жалпы сомасы 98,7 млн долларға 267 мәміле жасады. Осылайша бір күнде ұлттық валюта 5,45 теңгеге нығайды. 2022 жылғы 18 сәуірде доллардың орташа бағамы 449,3 теңге болған еді.
Kurs.kz порталының мәліметінше, айырбастау пунктері долларды орташа есеппен 445-449 теңгеге сатып алып, 450-451 теңгеден сатып жатыр.
Рубльдің орташа бағамы 5,6 теңге болды. Сауда қатысушылары теңге-рубль жұбымен 783,3 млн рубльге 35 келісім жасады. Бұл бір күн бұрынғымен салыстырғанда 1 миллиардқа аз.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"