Теміртауда аулада ұрсысып қалған балалардың әкелері атыс шығарды
Теміртау қаласында көршілердің арасында жанжал шығып, олардың бірі мылтық атқан. Абырой болғанда қаза болғандар мен жарақат алғандар жоқ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Жанжал 8 мамыр сағат 20:42 шамасында Теміртау қаласындағы 8-ші шағынауданының ауласында болған. Ұрыс аулада ойнап жүрген балалардың төбелесінен туған. Оларды ажырату үшін үйлерінен әкелері шыққан. Алайда, өзара келісе алмаған ересектердің арасында да жанжал туындаған.
"Мән-жайды анықтау барысында балалардың бірінің 43 жастағы әкесі 32 жастағы қарсыласын бетінен ұрғаны, содан кейін екіншісі үйден мылтық алып, екі рет ауаға оқ атып, қашып кеткені анықталды. Атыс кезінде зардап шеккендер жоқ. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 293-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Жасырынған адамды ұстау үшін облыстың ішкі істер органдарының жеке құрамы бағытталған. Тергеу жүріп жатыр", - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.
Талқылау

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
Олар 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі ақшадан қағылды

"Бөлімше болыңыз, біздің команда": Алматыда косметика дүкенінің қате аудармасы жұрттың ашуын туғызды
Оқырмандардың бірі баспахананың да мұндай немқұрайлығына реніш білдірді