Қазақстанда сәбилерге ең көп қойылған есімдер белгілі болды

Бүгін, 1 маусым – Балаларды қорғау күні. Ұлттық статистика бюросы сәбилерге қойылған ерекше есімдер туралы ақпаратты жариялады. Бюро мәліметінше, 1 қаңтар мен 1 маусым аралығында Қазақстанда жаңа туған ұл балаларға ең көп қойылған есім – Алан. Ал қыз балалар арасында Айлин есімі көш бастап тұр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жаңа туған ұл балаларға ең жиі қойылған 10 есім:
- Алан – 957;
- Әлихан – 792;
- Мұхаммед – 791;
- Айсұлтан – 778;
- Алдияр – 715;
- Хамза – 688;
- Омар – 688;
- Альтаир – 649;
- Мухаммад – 644;
- Әмір – 625.
Жаңа туған қыз балаларға ең жиі қойылған 10 есім:
- Айлин – 1744;
- Асылым – 1449;
- Медина – 1234;
- Томирис – 1122;
- Айша – 913;
- Аяла – 867;
- Мариям – 795;
- Сафия – 773;
- Айым – 768;
- Әдия – 741.
Сирек қойылған есімдер
Жыл басынан бері ұл балалар арасында ең сирек кездескен есімдер қатарында Әл-Әли, Абдуқодир, Яшар, Райымхан, Рузали, Шерәли, Халилла, Бектілес, Камранбек және Ферид бар.
Ал қыз балаларға қойылған ерекше есімдер ішінде Ирислиқой, Айбану, Селвин, Леонэль, Бегайым, Ақбата, Анара, Аша, Жанылсын және Бақыт есімдері кездеседі. Статистикаға сәйкес, жыл басынан бері бұл есімдер жаңа туған сәбилерге бір-бір реттен ғана қойылған.
Күйеуі қуып шыққан астаналық әйел үш баласымен аялдамада түнеген: Тұрмыста зорлық көрген адам неліктен ешкімге жүгінбейді
Заңгер мен психолог мұндайда не істеуге болатынын түсіндірді
"Енді қарызға той, туған күн жасамайды": Несие беру талаптарының қатаңдауы қазақстандықтарға қалай әсер етеді
Экономист: “Енді несиеге той, туған күн жасалмайды: Басты қауіп – ломбард пен пайыздық қарыз”