Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда доллар бағамы соңғы 2,5 айдағы ең жоғары деңгейге жетті

Доллар курс
Фото: pexels.com

Демалыстан кейін KASE биржасында доллар бағамы тағы 2 теңгеге қымбаттады. Бұл соңғы 2,5 айдағы ең жоғары көрсеткіш. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Доллар Қазақстанда қайта қымбаттап жатыр. Еске салайық, өткен аптаның соңында оның құны 5 теңгеге өскен еді.

Бүгінгі күнгі Қазақстан қор биржасындағы шетел валюталарымен сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 488,96 теңгеге жетті. Өсім 2 теңгеден асты.

Сондай-ақ америкалық валютаның бұдан жоғары биржалық бағамы соңғы рет 2026 жылдың 15 наурызында тіркелген еді. Ол кезде 491,29 теңге болған. Одан кейін доллар айтарлықтай арзандаған еді.

Еліміздің мегаполистеріндегі айырбастау пункттері бүгін сағат 15:30 жағдайы бойынша:

  • Астана: сатып алу – 484-485 теңге, сату – 491-492 теңге;
  • Алматы: сатып алу – 484-490 теңге, сату – 490,7-494 теңге;
  • Шымкент: сатып алу – 489-489,5 теңге, сату – 491-492,5 теңге.

Еуро бағамы да шамамен 2 теңгеге өсті. Бүгін сағат 15:30 жағдайы бойынша оның орташа өлшенген құны – 569,05 теңге.

Елдегі айырбастау пункттеріндегі баға мынады:

  • Астана: сатып алу – 563-565 теңге, сату – 573-575 теңге;
  • Алматы: сатып алу – 564-572 теңге, сату – 572-577 теңге;
  • Шымкент: сатып алу – 563-569 теңге, сату – 570-575 теңге.
Айым Болатқызы
Дүйсенбі, 01 Маусым, 2026 15:59