Текеліде қыз бассейнге түсіп, тұншығып қалды: Оны жедел жәрдем фельдшері құтқарды
Текелі қаласында жедел жәрдем қызметкері бассейнде тұншығып қалған қызды құтқарып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Время" газетіне сілтеме жасап.
Жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына қоңырау түскеннен кейін 2 минут ішінде жеткен. Алайда сол кездің өзінде қыздың жүрек соғысы тоқтап қалып, ол тыныс алмай жатқан. Фельдшер Өмірбек Серікбаев шұғыл реанимацияға (клиникалық өлім халіндегі ағзаны тірілту) кірісті.
- "Бір уақытта өзім де суға тұншыға бастадым": Анасы Қапшағайда екі баласының қалай көз жұмғанын айтты
Артынан қыздың жүрегі қайта соға бастады. Бұдан кейін қыз ауруханаға жатқызылды. Қазіргі уақытта қыздың беті бері қараған.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"
"Әйелдер көп күйеу алады, ерлер бетін жауып жүреді": Қыз-келіншектердің мәртебесі жоғары елдер туралы білесіз бе
Бұл елде әйелдердің алдында ерлер бетін жауып, орамал тағып, қызмет етеді