Тек Ashyq жобасы бойынша рұқсат беріледі: Нұр-Сұлтанда карантин күшейтілді
Елорданың бас санитария дәрігері Нұр-Сұлтандағы карантиндік шектеулер туралы жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Құжатқа сәйкес, Ashyq жобасын мынадай нысандарда іске асыру жалғасады:
- фитнес-клубтар, йога-орталықтар;
- спа орталықтары;
- сауналар, бассейндер;
- компьютерлік клубтар, PlayStation клубтары (16 жасқа дейінгі тұлғаларды қоспағанда);
- боулинг клубтары, орталықтар;
- кинотеатрлар;
- театрлар мен филармониялар;
- банкет залдары, асханалар, фаст-фуд, стрит-фуд үлгісіндегі объектілерді қоспағанда қоғамдық тамақтану объектілері;
- ерікті қатысушылар;
- облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар;
- концерт залдары.
Жобаға қатысушылар үшін коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылықтың жоғары деңгейі үшін (қызыл аймақ) объектілердің жұмысын шектеу критерийлері қолданылады (сары аймақ).
Сондай-ақ СОО, сауда үйлерінің, сауда орталықтарының жұмысына жұмыс күндері сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін рұқсат етіледі, сенбі және жексенбі күндері жұмысқа тыйым салынады. Бірақ бұл ереже COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинациялау үшін қосымша пункттер орналастырылған объектілерге қатысты емес, мұнда жұмыс және демалыс күндері сағат 8.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс режимі белгіленеді.
Қаулымен толығырақ мына жерден танысуға болады.
Бұған дейін Алматының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин де карантинге қатысты жаңа қаулы қабылдады.

"Аурухана мен мәдениет үйі жоқ": Сингапурға айналуы тиіс жаңа қала Алатаудың бүгінгі жай-күйі қалай (Фоторепортаж)
