Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Арбатта серуендеуге тыйым салынды: Бекшин жаңа қаулы шығарды

Алматының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин карантин туралы жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бекшин аудан әкімдеріне, мемлекеттік органдарға, "Атамекен" ҰКП-ның Алматы қаласы бойынша филиалына (келісім бойынша), құқық қорғау және арнайы органдарға, мекеме басшыларына кәсіпкерлік нысандарында қатысушыларды кеңейте отырып, "Ashyq" пилоттық жобасын іске асыруды жалғастыруды қамтамасыз етуді тапсырды.

Енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес шектеусіз (маскалық режимді және әлеуметтік қашықтықты сақтаған жағдайда) жұмыс істейді:

  • Байланыссыз қызметтер (автожуу, автомобильдерді, тұрмыстық техниканы, сағаттарды, телефондарды, компьютерлерді, аяқ киімді жөндеу, тігін ательесі, кір жуу, химиялық тазалау, кілттерді жасау, тұрмыстық үй қағидаты бойынша қызметтер және т. б.);
  • Туристік компаниялар, бизнес орталықтар (сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг қызметтері, жылжымайтын мүлік агенттіктері, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары, айырбастау пункттері, ломбардтар және т. б.);
  • Гүл дүкендері, фотосалондар;
  • Медициналық ұйымдар мен дәріханалар;
  • Мұражайлар, хайуанаттар бағы.

Саябақтарға, скверлерге, жаяу жүргіншілер аймақтарына, аллеяларға, бульварларға, алаңдарға және басқа да демалыс орындарына келетін болсақ, құжатқа сәйкес Жібек жолы даңғылында Аблайхан көшесінен Назарбаев даңғылына дейін жаяу жүргіншілердің жүруіне тыйым салынады Сондай-ақ олардың аумағындағы нысандардың жұмысы шектеледі.

Құжаттың толық мәтінімен мына жерде танысуға болады.

Аталған қаулы 2021 жылғы 24 сәуірден бастап күшіне енеді.

Гүлдана Қазтай
Жұма, 23 Сәуір, 2021 18:28
Талқылау