Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Білмеймін": Қыран Талапбек ұлының тегіне байланысты сұраққа жауап берді

Қыран Талапбек “Taboo” бағдарламасында ұлы Назардың тегін білмейтінін айтып қалды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қыранның айтуынша, ұлы өзіне қатты ұқсайды. 

“Баламды көрсем, өзімді көргендей боламын. Қырсықтығында шек жоқ. Ондай мінез менде де бар. Балам болашақта немен айналысамын десе де, жан-жақты қолдауға дайынмын. Ұлыммен мүмкіндігінше жиі көрісіп тұруға тырысамын. Назарды алғаш рет 6-7 айлығында көрдім. Менің қазіргі басты мақсатым – баламның тұлға болып қалыптасуына септігімді тиігізу”, – дейді Қыран Талапбек.

Танымал мобилограф ұлының тегінен бейхабар. 

“Білмейді екенмін. Менің фамилиямды бермегенін білемін. Мен Назардан бас тартқан емеспін, бас тартпаймын да. Оны әрқашан қолдауға дайынмын. Оның тегі маңызды емес, тегін кез келген уақытта өзгерте салуға болады. Бастысы ол – менің балам. Назар әлден тәуекелшіл, қырсық”, – дейді Қыран мақтанып. 

Бұған дейін Айжұлдыз Адайбекова бұрынғы ата-енесімен қарым қатынасы туралы айтқан болатын.

Талқылау