Тәжікстанда 7 балдық жер сілкінісі болды (видео)
Төтенше жағдайлар министрлігінің "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы ЖШС сейсмикалық станциясында 23 ақпанда тағы 06:37 шамасында Тәжікстан аумағында 7 балдық жер сілкінісі тіркелді. Зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген деп қабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жер сілкінісінің эпицентрі 20 шақырым тереңдікте және Алматы қаласының оңтүстік-батысында 696 шақырым жерде орналасқан.
Алматыда жерасты дүмпуі 2-3 балл болып сезілген.
"Патрульдеу бағыттында ештеңе байқалмайды, жағдай тұрақты. 112 және 101 желісіне тұрғындардан хабарлама түскен жоқ", - делінген Алматы ТЖД хабарламасында.
"Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің өкілдері гидротехникалық нысандарда деформация мен жарықтардың анықталмағанын хабарлады.
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан
Республика күні мен Тәуелсіздік күні неге екі бөлек атап өтіледі
Саясаттанушы: "Көп жыл бойы "Неліктен 25 қазанның маңызын екінші орынға ысырып қоямыз?" деген мәселе көтерілді"