Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таулы Қарабақтағы жағдай: Пашинян халқына үндеу жасады

Армения премьер-министрі Никол Пашинян Әзірбайжан мен Таулы Қарабақ арасындағы келіссөздерге қатыспағанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Пашинян халыққа жасаған үндеуінде Арменияның Таулы Қарабақтағы атысты тоқтату және әскерді тарату туралы мәлімдеме мәтінін қалыптастыруға қатыспағанын айтты. Ол Армения қарулы күштерінің Таулы Қарабақтан шығарылуы туралы мәлімдемелер Ереван үшін түсініксіз екенін, өйткені 2021 жылдың тамызынан бері Қарабақта бірде-бір армян әскери бөлімшесі болмағанын атап өтті.

"Кез келген жағдайда біз бұл мәлімдемені және оны Таулы Қарабақ билігінің қабылдағанын ескереміз", - деді Пашинян.

Оның айтуынша, Армения атысты тоқтатқаннан кейін Ресей бітімгерлері Қарабақ тұрғындарын қорғайды деп үміттенеді.

"Егер бітімгершілік күштер мұндай ұсыныс жасаса, бұл олардың Таулы Қарабақ тұрғындарының қауіпсіздігін толықтай өз жауапкершілігіне алды дегенді білдіреді. Олар Таулы Қарабақ тұрғындарының құқықтарына толық жағдай жасау керек", - деп атап өтті ол.

Премьер-министрдің айтуынша, Қарабақтағы соғыс қимылдарының қарқындылығы төмендеген.

"Таулы Қарабақтан алған соңғы ақпарат: соғыс қимылдарының қарқындылығы күрт төмендеді. Бірақ олар толығымен тоқтаған жоқ. Біз әскери шиеленіс жалғаспайды деп үміттенеміз", - деді ол.

Талқылау