Тау-кен саласын басқару заңнамасы толық нәтиже бермеді - Ел басшысы
Халыққа жолдауында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев геологиялық барлауға айрықша назар аударатын уақыт жеткенін атап өтті. Сондай-ақ тау-кен саласын басқару жүйесін жаңғыртуды қолға алуды тапсырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Геологиялық барлау ерекше назар аударуды қажет етеді. 2018 жылы минералдық-шикізаттық базаны толықтыру мақсатында тау-кен саласын басқару бойынша жаңа заңнама қабылданды. Алайда ол толық нәтиже бермеді.
Соның салдарынан шикізатқа бай елімізде көпке дейін айтарлықтай геологиялық ашылулар болған жоқ. Жағдайды шұғыл өзгерту керек. Тау-кен саласын басқару жүйесін тезірек жаңғырту қажет",- деп мәлімдеді Тоқаев жоладуында.
Сонымен қатар ірі инвестицияларды тарту мәселесін шешуді тапсырды.
"Көптеген елдерде жеке компаниялар саланың негізгі драйвері болып табылады. Сондықтан ірі жеке инвестицияларды тарту саланың әлеуетін шешуші дәрежеде ашуға көмектеседі. Бұл икемді реттеуші және фискалды талап етеді",- деді президент.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды
Турагенттіктің айтуынша, ертесі оған әйелдің қызы хабарласып, анасы көзін ашпай жатқанын айтқан
"Семіз екенімізді білеміз, айта берудің қажеті жоқ": Қазақстандықтар қоғамда толық адамдарға ашық қысым көрсетілетініне шағымданды
Алматылық: “Мә, қайда өсіп бара жатсың, дәу боп кеткенсің ғой” деу қаншалықты орынды?"