Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Полиция департаментінің ғимаратын жинап жүрген: Таразда жұмысшының қолында дыбыс гранатасы жарылып кетті

Таразда Полиция департаменті ғимаратын қалпына келтіру кезінде жұмысшы жарақат алды. Ер адамның қолында дыбыс гранатасы жарылып кеткен. Қазір ол ауруханаға жатқызылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап. 

жедел жәрдем

4-6 қаңтарда орын алған оқиғалардан кейін қираған полиция департаментінің ғимаратында қоқыстарды тазалау жұмыстары жүргізіліп жатқан. Жапа шеккен ер адам жөндеу-қалпына келтіру  жұмыстарына жауапты мердігер компанияда қызмет еткен. 

Департаменттегілердің сөзінше, жұмыс басталмай тұрып мердігерлер және жұмысшылармен қару, оқ-дәрі немесе арнайы құралдар табылған жағдайда нысандағы кезекші полицейге айту жайлы түсіндірме жұмыстары жүргізілген. 

"Дыбыстық гранаты тауып алған соң қауіпсіздік техникасын бұзып, гранатаны қолға алған. Дыбыстық граната қолында жарылып, бірнеше саусағын жұлып кеткен. Оқиғадан кейін ер адам Тараз қалалық ауруханасына жеткізілді", – деп хабарлады полициядағылар.

Аталмыш оқиғадан кейін Қылмыстық кодекстің 156-бабы, 2-бөлімі бойынша тергеу жұмыстары басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалған.

Талқылау