Таразда ер адам кішкентай қызға көмектесу үшін 4-қабаттың балконына шыққан
Әлеуметтік желілерде балконға шығып, қамалып қалған тараздық кішкентай қызды құтқарған ер адамның видеосы пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қарапайым ер адам құтқарушының көмегінсіз баланы төртінші қабаттан түсіріп алған.
Полицейлердің мәліметінше, 15 қазанда алты жасар қыз пәтерінің балконына шыққан, содан кейін есік тарс жабылып, ол кері қайта алмады.
"Өтіп бара жатқан жас жігіт жылап жатқан баланы көріп, өмірін қатерге тігіп, төртінші қабатты үйдің балконына көтеріліп, пәтердің есігін ашып, анасы қайтып келгенше баланың жанында болды", – деп хабарлады Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жасөспірімдер полициясының учаскелік инспекторлары қыздың ата-анасымен профилактикалық әңгіме өткізді.
Қазіргі уақытта Тараз полициясы батыл құтқарушыны мадақтау мәселесін қарастыруда.
Қазақстандық түрмелерде енді сотталғандар отбасымен видеотаксофон арқылы сөйлесе алады
Қазір ел бойынша 18 мекемеде 86 видеотаксофон орнатылды
"Дипломынан айырылғалы отыр": Алматыда әскерге күштеп әкеткен студенттің анасы президенттен араша сұрады
Жанаттың айтуынша, ұлы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің күндізгі бөлімде мемлекеттік грант негізінде білім алып жүрген