Азат Перуашев "Ақ жол" партиясы төрағасы қызметінен кетті

Демократиялық "Ақ жол" партиясын 15 жыл басқарған Азат Перуашев партия төрағасы қызметінен кететінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ол партиялық жүйедегі монополияға қарсы күресу үшін басшылықтың жаңару керегін айтты.
"Біз жай ғана өзгерістерге бастар жолда тұрған жоқпыз, бүгінгі өмірді өзгертіп жатқан оқиғалардың дәл ортасындамыз. Алайда монополия бұл үдеріске кедергі келтіруі мүмкін. Монополияға қарсы ең тиімді құрал – басшылықтың уақытылы ауысып отыруы. Сондықтан тоқмейілсіп кетпей, жаңа идеялар мен бастамалардың дамуына кедергі келтірмес үшін партия төрағасы өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдадым. Осы шешімді қолдауларыңызды және оған қарсы шықпауларыңызды сұраймын. Сондай-ақ уақытты жоғалтпай, жағдайға белгісіздік туғызбау үшін съездің қарауына жаңа төраға лауазымына кандидат ұсынамын", – деді Азат Перуашев.
Өз мәлімдемесінен кейін партияның жаңа төрайымы қызметіне Дәния Еспаеваны ұсынды.
ОқыңызКүні кеше Amanat партиясы "Әділет" партиясына қосылатыны туралы жазған едік.
Amanat партиясының төрағасы Ерлан Қошанов партия өз тарихының жаңа бетін ашып, мемлекет мүддесі мен қоғам сұранысына сай қадам жасауы тиіс екенін мәлімдеді.
Алматы облысында әйел көлікпен үйдің ауласына кіріп кеткен: Жарақат алған тұрғын бір аяғынан айырылды
Салдарынан аулада әйелдің аяғын ампутацияламақ
Шымкентте әскерге барудан қашқан 23 жастағы жігіт үшінші қабаттан секіріп комаға түсті
Жанна: “Ұлыма қысым көрсеткендер әскери комиссариат қызметкерлері болмай шықты”