Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тараз соты: қайтыс болған Тәтішевтің мүлкін қалай бөлген

Таразда банкир Ержан Тәтішевті өлтіргені үшін айыпталған кәсіпкер және «Депутаттық корпустың» орынбасары Мұратхан Тоқмадиге қарсы қылмыстық іс бойынша сот талқылауы өтіп жатыр.  «ТұранӘлемБанкі» АҚ басқармасының бастығы Ержан Тәтішев қайтыс болғаннан кейін оның жесірі Анар Айтжанова Меруерт Жақсылықоваға банк директорларының қатарына кіруге ұсыныс жасаған. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«Ержан Тәтішевтың жұбайы мені банк директорларының құрамына қосты. Ол маған банктің қандай жағдайда тұрғанын анықтап,  есеп жүргізуді тапсырды. Мен осы тапсырманы орындау кезінде Анар мен Ержанның ағалары Ерлан мен Еркін арасындағы қарым-қатынаста біршама кернеу бар екенін көрдім. Себебі банктің кімнің меншігінде қалатыны жайлы мәселе шешіліп жатты»,- деп хабарлады куәгер Меруерт Жақсылықова.

Бұл істің даулы мәселе екенін білген банктың бұрынғы кеңесшісі екі өрттің ортасында қалғысы келмей жұмысынан кетуге шешім қабылдады.

«Мен жұмысқа шығуды доғардым. Ал Анар қайта-қайта үйге келіп, менен көмек сұрауын тоқтатпады. Бірақ мен оған көмектесе алмаймын деп, ұсынысынан бас тарттым. Бұл іс тіпті жүйкеме әсер етті. Осы дауда өзімді кінәлі сезінгім келмеді. Анар менің жағдайымды түсініп, шешіміммен келісті» – деп жалғастырды Меруерт Жақсылықова.

Әлі күнге дейін шешімі табылмаған мәселеден шаршаған банктың бұрынғы кеңесшісі Москваға кетіп, елге жазда ғана оралды. Оны банктың бұрынғы топ-менеджері Жақсылық Жарымбетов кездесуге шақырып, банк директорларының құрамынан кетуді өтінген. Меруерт Жақсылықова бұл қызметке еш қызығушылық танытпайтынын айтып, орнын босатқан. Сол кездің өзінде қайтыс болған банкирдың жесірі Аблязовтың арам ойлы адам екенін Жақсылықоваға айтқан.

Сот залына куәгер ретінде келген Меруерт Жақсылықова Ержан Тәтішевтің мүлкін кімнің иеленгені немесе тағы басқа заңсыз әрекеттерге қатысты ештеңе білмейтінін айтты.

Айта кетейік, сот талқылауы Жамбыл облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында өтуде. Бұл іс бойынша жалпы 135 куәгер қатысуға ​​тиіс. Олардың  25-і әртүрлі себептер бойынша сотқа келмейтінін мәлімдеді. Содан сотқа 75 адам таңдалып, 40-тан астам куәгерден сұхбат алынды.

Жіберіп алмаңыз:

Электр қуатына берешегі бар Петропавл тұрғыны пәтерінен айырылды

Алматы облысында үш ұрпақ ауыстырған әулет әлі құжатсыз жүр

Бір көзінен айырылған қыздың өлеңі қазақстандықтарды жылатты (видео)

Астана әуежайынан 20 дана оқ алып өтпекші болған әйел ұсталды

Талқылау