Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Электр қуатына берешегі бар Петропавл тұрғыны пәтерінен айырылды

Электр қуатына 400 мың теңге қарыз болған Петропавл тұрғыны пәтерінен айырылды.
«Севказэнергосбыт» қоғамдық ұйымы пайдаланылған электр және жылу энергиясына берешегі бар төлеушілермен күресуде. Сот орындаушылары соңғы шара ретінде борышкердің мүлкін аукционда сатпақшы. Атап айтқанда, электр қуаты үшін 392 426 теңге қарызын төлемеген тұрғынның пәтері аукционда сатылады.

Бұл туралы «Севказэнерго» АҚ баспасөз қызметіне сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

«Пәтері сатылымға жарияланған борышкер өзіне міндеттелген қарызды төлеуден үзілді-кесілді бас тартты. Қазіргі уақытта сот орындаушылары қарызы өтелмеген тағы екі пәтерді сатылымға қойды. Осындай жағдай енді қайталанбайды деп үміттенемін. Сондай-ақ борышкер шартта көрсетілген міндеттер туралы көзқарасын өзгертеді деген ойдамыз», – деді «Севказэнергосбыт» ЖШС бас директорының орынбасары Мағауия Сағандықов.

Кәсіпорынның мәліметтері бойынша, 1 қаңтардағы көрсеткіш бойынша клиенттердің дебиторлық берешегі 147,7 миллион теңгені құрайды.
Ал борышкерлермен арыз-шағымдар бойынша жұмыс жүргізіледі. Сондай-ақ қазіргі уақытта 54 миллион теңгеден астам қарызы бар 247 іс қаралуда.

Жіберіп алмаңыз:

Алматы облысында үш ұрпақ ауыстырған әулет әлі құжатсыз жүр

Астана әуежайынан 20 дана оқ алып өтпекші болған әйел ұсталды

Бір көзінен айырылған қыздың өлеңі қазақстандықтарды жылатты (видео)

Қазақстанда қайыр сұрап жүрген қыз: Әке-шешеммен бірге тұрсам, киімім мен тамағым болса деп армандаймын

Талқылау