Тараз қаласының аумағы 2 есе ұлғайтылмақ
Тараз қаласының аумағын ұлғайтылмақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: 2GIS
Тараз қаласының аумағын кеңейту үшін Жамбыл және Байзақ аудандарының бір бөлігі қалаға қосылатын болады.
"Жамбыл ауданы жерінің бір бөлігін жалпы көлемі 11 257,9181 гектар, Байзақ ауданы жерінің бір бөлігін жалпы көлемі 1 761,2014 гектар жерді Тараз қаласының шекарасына қосу арқылы өзгертілсін", – делінген қаулы жобасында.
Қонаев қаласы мен Іле, Талғар аудандарының жерлері жаңа Алатау қаласына беріледі
Қазір Тараздың аумағы 18787,0 гектар болса, қала 31798,7 гектарға дейін кеңейтілмек. Жамбыл ауданы 412402,0819 гектарға, Байзақ ауданы 444259,80 гектарға дейін ұлғаяды.
2023 жылдың 1 қаңтарындағы есеп бойынша Тараз қаласында 422,8 мың адам тұрады. Билік шекараларды өзгерту қаланың орталық бөлігінде аз және орта қабатты үйлерді орналастырумен халықты қоныстандырудың жаңа тұжырымдамасын қалыптастыруға ықпал етеді деп санайды.
Бүгінде Таразда өндіріске бос орын жоқ. Қаланы кеңейту инвесторлардан түсетін ұсыныстарды қанағаттандыруға көмектеседі.