"Тараз-Аренаға" Жақсылық Үшкемпіровтің есімін беру ұсынылды
"Тараз-Арена" спорт кешеніне олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің есімі берілу ұсынылуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Жамбыл облысы әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Облыс әкімдігі мен мәслихаттың бірлескен ұсынысы мәслихаттың кезектен тыс отырысында мақұлданды.
"Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Жақсылық Үшкемпіровтің ұлттық күрес мектебінің қалыптасуы мен дамуына, қазақстандық спортты жоғары деңгейде насихаттауға қосқан үлесін атап өтіп, бұл бастаманы қолдағаны үшін халық өкілдеріне алғысын білдірді", - делінген хабарламада.
Спорт кешенінің атын өзгерту туралы ұсыныс Республикалық ономастика комиссиясының қарауына жіберіледі.
Естеріңізге сала кетейік, классикалық күрестен кеңес спортшысы, КСРО еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген жаттықтырушысы, классикалық күрестен Олимпиада чемпионы, еркін күрестен Қазақ КСР чемпионы, әлем чемпионы Жақсылық Үшкемпіров 70 жасында қайтыс болған еді.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған