Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал журналист Рахат Мамырбек өмірден озды

Белгілі журналист Рахат Мамырбек өмірден озды. Бұл туралы Рахат Мамырбек редакторлық еткен “Азаттық” радиосы хабарлады.

“Бүгін таңертең Азаттықтың веб-редакторы Рахат Мамырбек дүниеден озды. 11 желтоқсан күні денсаулығы нашарлап, ауруханаға түскен еді”, – делінген мәлімдемеде.

Рахат Мамырбек “Азаттықта” 2012 жылдан бастап жұмыс істеген. Оған дейін отандық “Қазақстан”, “Алматы” және 31 арнада қызмет атқарған.

“Рахам-оу, мына пәни жалғаннан сені осылай ерте кетеді деп кім ойлаған еді. Жаның жайсаң, мінезің сабырлы, үстіңнен мың қойды айдап өтсе де қыңқ демейтін шыдамды және ерекше білімді едің. Үнемі күліп жүретін мінезіңе қызығушы едік. Сен отырған орта әрқашанда гүл болып тұрушы еді. Бүгінгі хабар қабырғамды қаусатып, еңсемді езіп барады. Бақыл бол, іні-дос!”,-деп жазды желідегі парақшасына Рахат Мамырбектің әріптесі Нұртай Лаханұлы.

39 жастағы журналистің артында 5 баласы қалды. Кегнжесі әлі жасына да толмаған екен.

Оқи отырыңыз:

Әшімов Тастанбековті өлеңмен жоқтап, жылап тұрып қалың жұртқа ішкі сезімін ақтарды (фото, видео)

Емізе берсең бауыр басып қалады: Қызылордалық ене келініне 1 айлық баласын емізуге тыйым салды (фото)

Ақтау қаласының тұрғыны құбырдан ағатын ауыз судан тірі құрт тауып алды (видео)

Ақмола облысында үш балаға иіс тиіп, біреуі қаза болды

Талқылау