Танымал футболшы Криштиану Роналду өзіне жаңа клуб іздестіріп жатыр
Англиялық "Манчестер Юнайтед" командасының шабуылшысы Криштиану Роналду өзіне жаңа клуб іздеп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Дереккөздің мәліметінше, Роналду Чемпиондар лигасында ойнайтын команда іздеп жатыр екен. Алайда португалиялық спортшы "Реал Мадридке" қайта оралмайды. Сонымен қатар мадридтік клуб та Роналдудың қайта оралуына қызығушылық білдіріп отырған жоқ. Дегенмен трансферлік нарықта әлі жұмыс істеп жатыр.
Айта кетейік, Роналду "Реал" сапында 2009 және 2018 жылдар аралығында ойнады. Кейін футболшы "Ювентус" клубына ауысып, мұнда 2021 жылға дейін ойнаған. Сол жылы шабуылшы "Манчестер Юнайтедке" қайта оралды.
"Манчестер Юнайтедпен" келісімшарт 2023 жылға дейін жасалған. Өткен маусымда футболшы барлық турнирлерде 38 матч өткізіп, 24 гол соққан.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"

