Тамызда Қазақстанның оңтүстігінде құрғақшылық болмақ

Фото: Istock.com
Еліміздің оңтүстігінде жаздың соңында құрғақшылықтың ықтималдылығы жоғары. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тамызда бірнеше өңірде құрғақшылық болады деп болжанды:
- Батыс Қазақстан облысының Жәнібек, Жанғала, Ақжайық, Қаратөбе және Бөкейорда аудандарында;
- Ақтөбе облысының Шалқар және Ырғыз аудандарында;
- Қостанай облысының Амангелді және Жангелді аудандарында;
- Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында;
- Абай облысының Аягөз және Үржар аудандарында;
- Алматы облысының Балқаш және Жамбыл аудандарында;
- Қызылорда облысының Арал, Қармақшы, Шиелі аудандарында және Қызылорда қаласында;
- Атырау облысының Махамбет, Исатай, Дамбин, Қызылқоға аудандарында,
- Маңғыстау, Жамбыл, Түркістан және Ұлытау облыстарының басым бөлігінде.
Қостанай облысының Ұзынкөл, Меңдіғара, Сарыкөл және Әулиекөл аудандарында, Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл, Тайынша, Тимирязев аудандарында және Ғ.Мүсірепов, М.Жұмабаев жәнеде Шал ақын аудандарында бірқалыпты ылғал болмақ.
Елдің қалған аумақтарында ылғалдану жағдайлары нормаға жуық деген болжам бар.
8 тамыздан бастап Иран аймақтарынан Қазақстанның оңтүстігіне қайтадан жылы әрі құрғақ ауа массалары келе бастайды. Бұл өз кезегінде күндізгі ауа температурасының +35…+41°С дейін көтерілуіне әкеледі. Ал солтүстік өңірлерде керісінше, суық ауа массаларының ықпалы сақталады. Кей жерлерде қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсуі мүмкін.
Қазақстандық әйел топтық зорлаудан кейін 17 жасында бала туған: Ол америкалық ата-ана асырап алған қызын іздеп жүр
Кезінде топтық зорлыққа ұшыраған Наталья Қалымбетова 30 жылдан кейін жан сырын ақтарды
Қазақстандыққа Қытайда адам өліміне кінәлі деген айып тағылды: Күдіктінің өзі шабуыл жасағандардан қорғанғанын айтып отыр
Отбасы: "Қазақ қызының намысын қорғау үшін басталған оқиға адам өлімімен аяқталып отыр"