Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тамағына күрделі ота жасалған Мырзахан тыңдармандарына ән дайындап жатыр

Көпшілікке сырын айтып, ашыла бермейтін «Жігіттер» тобының әншісі Мырзахан Маханов басынан өткен ауыр жағдайын ашық айтты.

myrzaaaaa-1

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Осыдан үш ай бұрын Астанада өткен топтың жеке кешінде ән айта алмай қиналыпты. Кейін тіпті дауысы мүлдем шықпай сөйлеуден де қалған. Содан дереу дәрігерге қаралған Мырзаханға «созылмалы лорингит» деген диагноз қояды. Яғни, ол дегеніміз «дауыс желбезегіне ет» өскен.

“Адамда голосовой связка деген тамыр болады екен. Сол тамырға ет өскен. Бұл өзі өте сирек кездесетін ауру екен. Он адамнан бір адам ғана келетін ауру екен.  Ал бұның емі де солай екен. Он адамнан біреу, екеу ғана сәтті шығады, көбісі сәтсіздік. Және бұл отаға ешкім ешқандай кепілдік бермейді екен”, – дейді Мырзахан Маханов.

Мырзаханның денсаулығы қаңтар айында сыр береді. Алғашында жәй жөтелген. Кейін түрлі дәрілердің көмегімен жөтелі кеткенімен, біраз уақыттан соң мүлдем тамағы қарылып қалады. Осылайша, дыбыстық бауларына зақым келгенін әнші сәуірде бірақ біледі. Ауруы асқынған Мырзаханға қаралып жүрген дәрігері Ресейге барып ота жасатқаның дұрыс деп кеңес айтқан.

“Ота лазермен жасалды. Наркоз берілді. Ота бір жарым сағат жасалды. Тіке жатасың содан кейін мына екі жерден беріледі. Лазер екі жерден  бірақ кейін қарадым, бұрынғыдай бетін арғы қылсын, пышақ салып орны қалып қойып, ондай жоқ екен. Қыс айы бойы ауырып, осы көктемде өз-өзіме келіп, ол «Көктем ғана мені жұбатады» деген  тақырыпта ән жаздырып жатырмын”, – дейді әнші.


Жіберіп алмаңыз:

9 жасар қазақстандық қыз ресейлік “Голос” шоуында үшінші орын алды (видео)

“Біз ұялмаймыз!” Ел алдында жалаңаштанғанды ұнататын әртістер (фото)

Елімізде Димаш жайлы кітап жарыққа шықты

Роза Рымбаева: Мені де талай мемлекетке шақырған

Талқылау