"Мас адам кімге ұнасын": Бөтен ер азаматтың сүйгенінен жиіркенген Мәдина Сәдуақасова жұртқа жақпай қалды
Әлеуметтік желіде бөтен ер азамат ән айтып тұрған Мәдина Сәдуақасованың бетінен сүйген видеосы тарап кетті деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тойда өнер көрсетіп тұрған әншіге ер адамның бұл әрекеті ұнамай қалды. Оны бейнежазбадан байқауға болады. Мәдина түрін бұзып, жиіркенгендей көрінді. Тіпті әншінің бетін сүртіп жатқанын да байқауға болады. Желі қолданушыларының бір бөлігі қарапайымдылықтан жұрдай деп өнер иесін сынға алса, енді бірі күйеуі бар әйелдің мазасын алған ер адамның әрекетін түсінбей дал.
“Атақты, бай біреу сүйсе бұлай болмас еді”, “Түріңді бұзбай-ақ қойсаң болар еді ғой”, “Тәлпіштік”, “Сол үшін тойда емес, сахнада жүру керек”, “Сыйластығын түсінбей тұрсың ғой”, “Халықтың ақшасынан бұлай жиіркенбейді”, “Мас адам кімге ұнасын”, “Ер адамның мұнысы ұят болған екен”, “ Күйеуі бар әйелде несі бар?”, – деген желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді.
2026 жылы қазақстандықтар пәтер жөндеуге қанша қаражат жұмсайды
Алғашқы баспанасын қара сылақ күйінде сатып алған 25 жастағы Нұрсұлтан жөндеу жұмыстарына өзі араласқан
Ресейлік қыз қазақ отбасына келін болып түсті: Ол Қазақстан жайлы көзқарасы қалай өзгергенін айтты
Алена: “Қой бауыздайтындары әлі таңғалдырады, ал шашу мен құдалық ұнады”