Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тальго қазақтарға арналмаған": Пойыз ішінде күй тартқан жас домбырашылар желі қолданушыларын тамсандырды

Балалардың пойызда қаз-қатар отырып, домбырада ойнаған бейнежазбасы әлеуметтік желіде таралды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

домбыраТүсірілімнен скриншот

Бейнежазба авторының айтуынша, жас домбырашылар Жезқазған-Қарағанды бағыты бойынша жолға шыққан. Ұлдар белгілі "Балбырауын" күйін орындап, тальго дәлізінде дайындалуда. 

Желі қолданушылары жаппай пікір білдіре бастады. Бірі кішкентай өнерпаздарға тілегін жаудырса, бірі қасиетті домбыраны лас жерде отырып ойнағанды құп көрмеді, ал бірі тальго мен купенің тар екенін айтып, шағымданып алды.

“Керемет, жүлдемен оралыңыздар!”, “Өнерлерің өрге жүзсін”, “Жол үстінде дайындалып отыр, еңбектері ақталсын”, “Байғұс балалар, бүйтіп тартудың қажеті не?”, “Киелі домбыраны қор қылған, қазағым”, “Тальго деген қазақтарға арналмаған, бізге өз даламыздай кең, ашық пойыз керек”, “Жаңадан шыққан пойыздар өте тар, купеге де сыймайсың” – деп пікір жазды желі қолданушылар.

 

 

Талқылау