"Төбелес, пышақтасу және кісі өлімі": Талғардағы Шерзаттың өліміне қатысты күдіктілердің бұған дейін не үшін сотталғаны анықталды
2024 жылы 16 жастағы Шерзат Болатты қатыгездікпен өлтірген күдіктілердің “Хутор" бандасына қатысы бар дегенді растайтын ақпараттар тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Shishkin Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Видеодан скриншот
Әлеуметтік желілерде күдіктілердің аттары бейресми таратылып, олардың прокуратура, полиция және Талғар ауданының шенеуніктерімен туыстық байланыстары бар деген мәліметтер айтылып жатыр. Ресми деректерде бұл ақпарат расталмаған, алайда күдіктілердің бұрын да бірнеше қылмыстық істерге қатысқаны анықталды.
Алматы облысы полиция департаменті басшысының міндетін атқарушы Серік Шалхаров бұл жағдайдың ұйымдасқан қылмыстық топ әрекеті емес екенін алға тартады.
Сот кеңсесіндегі құжаттарда күдіктілер Нұрқияс Ильясов, Равиль Сакиев және Абзал Шынасылдың қатысуымен болған түрлі төбелес, пышақтасу және кісі өлімі туралы сегіз дерек белгілі болды.
Алайда ұсталғандардың “Хутор" бандасымен, сондай-ақ шенеуніктермен байланысын ашық дереккөздерден анықтау мүмкін емес.
2019 жылы Талғар көпірінің жанында Нұрқиас Ілиясов пен Д.Қалғұлов арасында жанжал туындаған. Ардақ Нұржұманов Қалғұловаты бөтелкенің сынығымен ұрып өлтірген. Нұржұманов 8 жылға сотталды, Ілиясов куәгер болды. Істі судья Ілияс Мұхадиұлы қараған.
2020 жылы Нұрқиас Ілиясов Талғарда Есбол Ережепов, Бақыт Ауғанбек және Рахат Ақкөзеновті өлтірген. Іс тараптардың татуласуынан кейін жабылыпты Істі Еркебұлан Келемсейтов қараған.
Сол жылы "Веранда" дәмханасында Ілиясов пен Равиль Сакиев Диас Хабитұлын соққыға жыққан. Сакиев полицейге шабуыл жасаған. Ілиясов 3 жыл, Сакиев 2 жыл 6 айға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Істі тағы да Еркебұлан Келемсейтов қараған.
Фото: Видеодан скриншот
2023 жылы Нұрқиас пен Ернұр Ілиясов Абзал Шынасылмен бірге А.Манапты ұрып тастаған. Іс тараптардың татуласуымен аяқталған көрінеді. Істі судья Ілияс Мұхадиұлы қараған.
"Хан" караоке-барында Ілиясов Р. Труспеков жеңіл дене жарақатын келтірген. Іс татуласумен аяқталды.
2023 жылдың қыркүйек айында Нұрқиас Ілиясов М.Сүлейменовқа күш көрсетіп, орташа ауырлықтағы дене жарақатын келтірген. Бұл іс те бітімге келумен аяқталды.
2023 жылы желтоқсанда "Сказки" кафесінде Ернұр Ілиясов М.Качакбайды пышақтап кеткен. Нәтижесінде судья Ілияс Мұхадиұлы Ілиясовтарға пробациялық бақылау орнатқан.
2024 жылы Нұрқияс пен Ернұр Ілиясов бұзақылық пен тәртіпті бұзғаны үшін бас бостандығын шектеуге және қоғамдық жұмысқа тартуға үкім шығарды.
Аслан мен Ержан Қасымбаевтар Хасанның ағалары деп аталады. Аслан Нұрғайыпұлы Қасымбаев есімді азамат 2021 жылдың шілде айынан бері Талғар ауданы әкімінің аппаратын басқарып, оған дейін Талғар ауданы Белбұлақ ауылдық округінің әкімі қызметін атқарған.
Оның ағасы Ержан Нұрғайыпұлы Қасымбаев 2012 жылы болған "Қорғас ісінің" негізгі куәгері, кеден қызметкері Медет Жамашевты өлтіргені үшін түрмеде жазасын өтеп жатыр. Бұл атышулы іске қатысы бар басты тұлға – Қаржы полициясы агенттігінің бұрынғы агенті Талғат Махатов. Ол кісі өлтіруді ұйымдастырушы деп 20 жылға сотталды, ал қылмыскерлердің бірі Ержан Қасымбаев болды. Бұл үшін Махатов Қасымбаевқа "Қорғасқа жұмысқа орналастыруға" уәде берген. Махатов сонымен қатар қаңтар оқиғасы мен аса ірі көлемдегі алаяқтық істері бойынша негізгі айыпталушылардың бірі болды.
Еске салсақ, бұған дейін Талғарда қаза тапқан жасөспірімнің әкесі "Хутор өкілдері" өзін қалай қорқытқанын айтып берген еді.