AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түрмеге де қамалмаған: Талғарда жас жігітті қағып өлтірген экс-полиция қызметкеріне қатысты үкімнің себебін сот түсіндірді

Талғарда жас жігітті қағып өлтірген экс-полицейге қатысты үкімді сот түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Талғар аудандық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Талғар аудандық соты бұрынғы полиция қызметкерін адам өліміне әкеп соқтыратындай жол қозғалысы ережесін бұзып, жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалғаны үшін (ҚК 345-бабының 3-бөлігі және 347-бабы) бойынша кінәлі деп таныды. Осы қылмыстар үшін Қылмыстық Кодек бойынша ең жоғары жаза 5 жыл бас бостандығынан айыру. Сот жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды ескеруге міндетті. Жеңілдететін мән-жайлар болған кезде (шын жүректен өкіну және кәмелетке толмаған балалардың болуы) сот жазаны ең жоғары жазаның жартысынан көп мерзім бере алмайды", –  деді аудандық сотта.

Белгілі болғандай, сот күдіктіні 5 жылға көлік жүргізу құқығынан айыра отырып, ең жоғары жазаға – 2,5 жылға бас бостандығынан шектеді.

"Айта кететін жайт, қылмыстың бұл түрі заң бойынша онша ауыр емес қылмыс санатына жатқызылған, сондықтан сот рақымшылық жасауы міндетті. Сотталған экс-полиция қызметкері соттың қалауы бойынша емес Рақымшылық туралы заңның талаптарына байланысты бас бостандығынан айыру түріндегі негізгі жазаны өтеуден босатылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ, апелляциялық шағым түсірілген", - деп түсіндірді аудандық сот.

Еске салайық, Талғарда 18 жастағы Дінмұхамед Жеңісті бұрынғы полицейдің қағып, өлтіріп кеткен. Жеңісовтың анасы Нұргүл Түркібаева экс-полицейге тым жеңіл жаза берілді деп санайды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр