Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда күйеуі өз әйелін пышақтап өлтірді

Талдықорғанда күйеуі әйелінің екі жерінен пышақ сұғып өлтірген. Мәйітті досы екеуі үйдің жертөлесіне жасырмақшы болған деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

кылмыс

Қылмыс 12 шілдеде жалдамалы пәтерде орын алған. Отбасылық жанжал кезінде ер адам әйелінің денесіне екі рет пышақ сұққан. 

«Қылмыскер болған оқиғадан соң, үйіне досын шақырады. Екеуі бірігіп әйелдің мәйітін үйдің жертөлесіне жасырған. Қазіргі уақытта екеуі де ұсталды. Әйелдің өлі денесі де табылды. Осы қылмыс бойынша Талдықорған полицейлері жұмыс жүргізуде», – деді  жергілікті Полиция департаменті.

Оқиға орнынан табылған қару ас үй пышағы екені анықталды.

Талқылау