Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда депутаттың жүргізушісі көлігіне жалған нөмір тағып алып жүргені анықталды

Алматы облысы мәслихатының хатшысы Дәулет Жарасбаевтың жүргізушісі көлігіне жалған нөмір тағып алғаны анықталды. Бұл туралы журналист Сандуғаш Дүйсенова мәлімдеді. Халық қалаулысының жүргізушісі көлігіне 702 YEZ 2 жалған нөмірін тағып, Талдықорған қаласында жүрген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

даулет жарасбаев машина 2022

Депутаттың жол қозғалысы ережесін бұзғанын білген жергілікті белсенді оқиғаны бірден видеоға жазып алған. Дүйсенованың айтуынша, ол Жарасбаевтың қылмысын әшкерелеу үшін күні бойы соңынан жүрген.

"Мен әсіресе көлік жүргізушісінің полицияға KIA KH009VV05 автокөлігінің "Техникалық құралдарды тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын" көрсеткенде таң қалдым. Құжат ҚР ішкі істер министрлігінің 2000 жылғы 24 тамыздағы № 463 бұйрығы негізінде жазылған. Біздің полицейлер мұның жалған құжат екенін түсінбейтіндей, шенеуніктерден соншалықты қорқа ма?", - дейді Сандуғаш Дүйсенова.



Алматы облысының полиция департаменті тексеру нәтижесі туралы айтты.

"KIA автокөлігіне жалған мемлекеттік нөмір қолдану фактісі расталды. Тексеріс нәтижесінде көлік шынымен де облыс әкімдігінің балансында екені белгілі болды. Қызметтік көліктің 45 жастағы жүргізушісі ҚР ҚК 590-бабының 3-бөлігі (Көлік құралына көрінеу жалған немесе жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлерін тағу) және 590-бабының 4-бөлігі (Көрінеу жалған немесе жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлері бар көлік құралын жүргізу) бойынша жауапкершілікке тартылды. Қазіргі уақытта қызметтік көлік арнайы автотұраққа қойылды", - деп түсіндірді Алматы облыстық полиция департаменті.

Талқылау