Таиландта өткен ауыр атлетикадан әлем кубогында қазақстандық ауыр атлет жеңіске жетті
5 сәуірде қазақстандық Сергей Петрович ауыр атлетикадан Пхукетте өткен лицензиялық әлем кубогының "С" тобының жеңімпазы атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сергей Петрович – Қазақстаннан олимпиадаға жолдама алған жалғыз үміткер. Жұлқа көтеруде Сергей С топтағы қатысушылар арасында үздік нәтиже көрсетіп, 167 келіні көтерді. Серпе көтеруде 196 келіні бағындырып, қоссайыс бойынша барлығы 363 келіні бағындырды.
Топта екінші орынды кубалық Олфидес Саез (160+200 келі) алды. Үшінші орын қырғызстандық спортшы Эмиль Молдодосовқа (160+187) бұйырды.
"Сергей 100 пайыз дауыс беріп, топта жеңіске жетті. Алайда бұл салмақтағы басқа қатысушылар 6 сәуірде бақ сынайды. Негізгі бәсекелестер Оңтүстік Корея мен Иран спортшылары”, – деп мәлімдеді ауыр атлетикадан Қазақстандағы ҰҚК ерлер арасындағы бас бапкер Дәурен Бекмұханбетов.
Қазақстандық түрмелерде енді сотталғандар отбасымен видеотаксофон арқылы сөйлесе алады
Қазір ел бойынша 18 мекемеде 86 видеотаксофон орнатылды
"Дипломынан айырылғалы отыр": Алматыда әскерге күштеп әкеткен студенттің анасы президенттен араша сұрады
Жанаттың айтуынша, ұлы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің күндізгі бөлімде мемлекеттік грант негізінде білім алып жүрген