Түркістан облысында мешітті бірнеше рет тонаған тұрғын ұсталды
Түркістан облысында полицейлер ер адамды ұрлық жасағаны үшін ұстады, деп хабарлайды Stan.kz.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінінің мәліметінше, Келес аудандық ішкі істер басқармасының кезекші бөлімі жергілікті тұрғынды мешітте ұрлық жасағаны үшін ұстады. Күдікті мешіттен теледидар ұрлап кеткен.
Тергеу барысында күдіктінің бұрын да мешіт сейфінен 800 мың теңге ұрлағаны белгілі болды. Күдікті 6 ұрлық ісіне қатысты болып шықты. Оның ішінде үй мен көлік ұрлығы бар. Келтірген шығын мөлшері 2 млн теңге. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Астаналық әйел автобус бақылаушысын өзіне қол көтерді деп айыптады
Тұрғын: "Жолаушы жолақы төлеу мәселесіне тап болса, сіздермен дұрыс тілдесе алмайды"
Антибиотик беру, қымтап терлету: Инфекционист ЖРВИ кезінде жиі жіберілетін қауіпті қателіктерді атады
Балаларының қызуы түспеген ата-аналар әлеуметтік желіде алаңдаушылық білдіруде