Түрмеден босап шыққан Серік Ахметовты қалай қарсы алды (видео)
Абақтыдан босап шыққан экс-премьер Серік Ахметов өзін қарсы алған туыстарымен құшақтасып, бірақ журналистермен тілдеспеді.

Бұл туралы “Новый Вестник” хабарлайды.
Бостандыққа шыққан Серік Ахметов БАҚ өкілдерімен тілдесуге соншалықты ықылас танытқан жоқ. Тек жақын арада не нәрсемен айналысатынын әлі шешпегенін ғана айтты.
Еске салсақ, Серік Ахметов алты жемқорлық ісі бойынша айыпталып, бас бостандығынан айырылған еді. Бастапқыда оған 10 жыл берілді. Бірақ, экс-премьер 2,2 млрд теңге өтемақы төлегеннен кейін жаза мерзімі сегіз жылға қысқартылды. Сосын амнистия бойынша тағы 1 жыл 7 ай 11 күні алынып тасталды. Ал ай басында, қалған 4 жыл 26 күн бостандығын шектеу жазасымен ауыстырылып, бостандыққа шықты.
Оқи отырыңыз:
Нұрсұлтан Назарбаев туған ауылына барып, жерлестерімен әңгіме-дүкен құрды
Елбасы Алматыдағы Наурызбай ауданының жаңа әкімшілік орталығын аралады
"Біз славян қазақтарымыз": Қазақстандық әке жеті баласына қазақ тілі мен домбыра үйретіп жүр
Роман Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ тілін үйренуге ден қойып, содан бері тілді біртіндеп жетілдіріп келеді
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды