"Сүттен ақ, судан таза емеспін": Мақпал Исабекова не үшін туған күнін тойламайтынын түсіндірді
Танымал әнші, эстрада жұлдызы Мақпал Исабекова туған күнін тойламайтынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/makosyai/
Алайда әнші туған күнінде сыйлық күтенін жасырмады.
“Жаңа жасымда өте көп ішкі болмысыма өзгеріс енгізгім келеді. Өзім де сүттен ақ, судан таза емеспін. Өзім ешкімге тиіспеймін, тиіскенді аямайтын қасиетім бар. Оның да жанды жерін ауырта аламын. Бірақ ешқашан ешкіммен жанжалдасқан емеспін. Менің жолыма кедергі келтіргендерді құртып жібере аламын. Осы күнге дейін жанжалдан қашып жүрдім. Адамдармен тек жылы қарым-қатынас орнатқым келді. Менің көңіліме қаяу салған адамды кешіріп, жылап жүретін едім. Жеке шекара дегенді ұмыттым. Енді 40 жасқа келіп, өзімді қорғауды үйрендім. Негізі 40 жасты тойлауға болмайды деген ырым бар екен. Бірақ себебін түсінбедім. Бірақ тәуекелге бармай, тойламауды ұйғардым. Онсыз да жыл ауыр өтті”, – деп жазды әнші.
Алайда өнер иесі туған күнінде жақындарынан сыйлық күтетінін жасырмады.
“Туған күнімді тойламауым – сыйлық алмаймын” деген сөз емес. Биыл бұрынғыдан да көп сыйлық алғым келеді. Неге алмасқа?! Өмір ғой. Аман болайық бастысы. Әрбір атқан таңыма, баламның күлгеніне Аллаға шүкір дедім”, – дейді өнер иесі.
Фото: https://www.instagram.com/makosyai/
Еске салайық, әншінің жолдасымен ренжісіп қалғанын жазған едік.