Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Судья сырқатына сенбей үйіне жібермей қойған: Қонаев түрмесінде "Olimp KZ" басшысы көз жұмды

Қонаевтағы судья Мақсат Әмірқұловтың әрекетінен кейін тұтқын Жәнібек Жауыров қайтыс болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Ашық дереккөзден

Бірнеше күн бұрын Жәнібек Жауыровтың денсаулығы нашарлап, жансақтау бөліміне жіберілген еді. Сотталушы 23 шілдеге қараған түні сол жерде қайтыс болды. Адвокат марқұмның мерзімінен бұрын босатылуына мүмкіндігі болғанын айтады.

“Танысып қойыңыздар, Қонаев қалалық сотының судьясы – Мақсат Әмірқұлов. 17 шілдеде түрмедегі Жәнібек Жауыровты мерзімінен бұрын босатудан бас тартты. Колония басшысы мен арнайы дәрігерлік комиссия соттан сотталушыны ауыр сырқатына байланысты үйіне босатуды сұрағанымен, судья Әмірқұлов өз шешіміне "басқа сотталушының аты-жөнін қосып, сол жерде басқа диагнозды көрсеткен" деген негізде босатудан бас тартты”, – деп жазды Козачков Telegram-арнасында.

“Сотталушы агрессивті және оның сырқаты қоршаған ортаға қауіп төндіреді”, – дейді судья Қонаев қалалық сотының судьясы Мақсат Әмірқұлов.

Фото: Telegram арнасынан

Сотталушының адвокаты екі рет Жәнібекті босату туралы өтініш жіберілгенін, алайда судья екеуін де қабылдамай қойғанын айтады. 

Жәнібек Жауыровтың денсаулығы "Olimp KZ" букмекерлік кеңсесіне қатысты сотқа дейін нашарлаған. Жәнібек Жауыров 2014 жылы бауыр циррозына шалдығып, сот одан ауруханада жатқан жерінен жауап алған еді. Ол соңғы рет 2024 жылы ауруханаға түскен еді. “Науқастың 2-3 жылдай уақыты қалды” деген дәрігерлердің сөзіне қарамастан сот оны мерзмінен бұрын босатудан бас тартты. 

“Коагулограммасы нашар. Бауыр жасушалары ыдырап, шіри бастаған. Мидың зақымдалуы байқалады. Іш қуысында сұйықтық жиналған. Бауыр циррозы. Портальды гипертензия синдромы. Флеберизм. Нефротикалық синдром. Науқастың жағдайы ауыр”, – деді дәрігерлер Ulysmedia.kz басылымына берген жауабында.

Адвокаттардың айтуынша, Жәнібек Жауыров ұзақ уақыт мүгедектер арбасында отырды. "С" дәрежесіндегі бауыр циррозы кейін әдетте, адам жүре алмай қалады. Ал бауырды ауыстырмаса оның бір жылға жетер-жетпес уақыты қалған еді” дейді қорғаушысы. Жәнібек Жауыров отаға дейін шыдай, 23 шілдеге қараған түні қайтыс болды.

Айта кетейік, Жәнібек Жауыров сот үкімімен 8,6 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілген еді.

Талқылау