Субұрқақтар жарысы: Бердібек Сапарбаев экс-әкім Мырзахметовпен бәсекелесіп жүр ме
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев экс-әкім Асқар Мырзахметовпен бәсекелесіп жүрген сияқты. Өйткені, осыдан екі жыл бұрын Мырзахметов «Таразда еліміздегі ең ұзын субұрқақ ашылды» деп сүйіншілеген еді. Ал облысқа әкім боп тағайындалғанына небәрі 4-ақ ай өткен Бердібек Сапарбаев әріптесінің субұрқағынан 100 метрге ұзынын салдыртып жатыр.

Атқамінерлер, бұл жобаны да Қазақстандағы ең ұзын сазды бұрқақтың бірі болады дейді, деп хабарлайды 31 арна.
Желтоқсан толқыны аллеясы екі жыл бұрын еліміздегі ең ұзын түрлі-түсті субұрқағы деп ашылған еді. Оның жалпы ұзындығы 220, ені 20 метрді құрайды.
Бұрқақтың жағасын қыран құс, барыс пырақ мүсіндері орнатылған. Келушілеге ыңғайлы болу үшін айналасы абаттандырылып, сәкілер қойылған. Аллеяның жалпы құны 284 млн теңге. Жамбыл облысының экс-әкімі Мырзахметов әкім болып сайлана сала саябақтарға жөндеу жұмыстарын жүргізген болатын. Бұл кешенде Мырзахметовтың бастамасымен қала күнінен орайластырылып жасалған.

"Үлкен құмыра болады. Оның аузынан су ағып тұрады. Екі құмыра тұсында су диірмені суды айналдырып тұрады", - деді Жамбыл облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Арман Әбдешев.
Бұл жер қала қонақтары үшін серуендеп, қыдыратын кешенге айналары сөзсіз. Бірақ қалаға қарасты шағын ауылдардың жолсыз, сусыз отырмыз деген шағымдары да көбейген секілді.
Қазақстандық Ресейге жұмысқа кеткен інісінің Украинадағы соғысқа күштеп жіберілгенін айтып, көмек сұрады