Су тасқыны қаупі бар: Алматыда ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Алматыда ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Деонисий Мить
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Алматыда 16-18 мамыр аралығында қатты жауын-шашынға байланысты өзен-көлдерде су деңгейі көтеріліп, қауіпті белгілерден асқан жағдайда тау бөктері мен соған жақын аудандарда су тасқыны болу қаупі бар.
Құтқарушылар тұрғындардан аулаларынан өтетін немесе жақын маңдағы арықтар мен каналдарды қоқыстан тазалауды сұрады.
Синоптиктердің болжауынша,16 мамыр күні кешке, 17 мамыр күні түнде және күндіз қатты жауын жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік батыстан соғатын желдің екпіні секундына 17-22 метрге дейін жетеді.
Еске салсақ, бұған дейін синоптиктердің мамыр айына арналған ауа райы болжамын жариялаған едік.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды