Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Су мен электр есептегіштерін ауыстыру қажет": Астанада алаяқтар коммуналдық қызметкер ретінде тұрғындарға хабарласып алдауға кіріскен

Елордада алаяқтар өздерін "Астана-АЭК" немесе "Астана Су арнасы" компаниясының қызметкері ретінде таныстырып, электр есептегіштерін шұғыл ауыстыру сылтауымен тұрғындарға хабарласып жатыр. Полиция сақ болуға шақырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Полиция деректеріне сүйенсек, алаяқтар алдымен су немесе электр есептегіштерін шұғыл ауыстыру керек екенін айтады. Кейін жәбірленушіге 1414 нөмірінен жіберілген СМС-кодын сұрайды.

Кейін тіпті әңгіме азаматтың атына біреу несие алуға тырысып жатқаны туралы өрбиді. Ал алаяқтықтың алдын алу үшін олар мынандай қулық әрекеттерін орындауды ұсынады:

  • шоттан барлық қаражатты алып, "Ұлттық банктің резервтік шотына" аударуды сұрайды;
  • несиені рәсімдеп, ақшаны "қауіпсіз" шотқа жіберуді сұрайды;
  • депозитті қолма-қол ақшаға айналдырып, ақшаны "арнайы қызмет мамандарына" немесе "банк өкілдеріне" беруді өтінеді.


“Шын мәнінде, бұл әрекеттердің барлығы азаматтардың банктік карталары мен шоттарына қол жеткізуге, сондай-ақ олардың атынан несие алуға бағытталған.

Полиция мемлекеттік органдардың, банктердің және коммуналдық қызметтердің мамандары ешқашан телефон арқылы СМС-кодтарды немесе жеке деректерді сұрамайтынын еске салады. Бұл кодтар қатаң құпия ақпарат болып табылады. Егер сіз күдікті қоңырау алсаңыз, ешқандай нұсқауларды орындамаңыз, жеке ақпаратыңызды бермеңіз және дереу тиісті ұйымның қолдау қызметіне немесе полицияға хабарласыңыз”, – деді ведомство.  

Талқылау