AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Стелс-омикрон" Қазақстанның 12 аймағында анықталды: Денсаулық сақтау министрі вирустың қаупі туралы айтты

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният коронавирустың "стелс-омикрон" штамына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ресми мәліметке сәйкес, осы уақытқа дейін "стелс-омикрон" 12 аймақта тіркелген.

"Коронавирус инфекциясының бұл түрі дельта штамға қарағанда жеңіл өтеді. Бірақ оның да қаупі бар, себебі жылдам таралады. Коронавирусты екінші рет жұқтыруға әкеліп соқтырады", – деді Ғиният орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Министрдің айтуынша, "стелс-омикрон" республика бойынша тарала бастады. Бірақ мамандар эпидемиологиялық жағдайды бақылап келеді.



"Стелс-омикронның" симптомдары бар науқастар өздері де келеді, өзіміз де анықтаймыз. Ол адамдардың барлығы қажетті ем-домды толықтай алып жатыр. Аурудың қазіргі сипаты карантин шараларын қажет етпейді. Сондықтан ешқандай шектеулер жоқ", – деп атап көрсетті Ғиният.

Осы орайда министр бетперде тағу режимін енгізудің де қажеті жоқ деді. Бірақ барлығы эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр