Қазақстан қалаларында пәтерлер қанша тұрады – Статистика
Қазақстандағы қайталама нарықтағы пәтерлердің орташа бағасы 7 миллионнан 42,5 миллионға дейін. Ең арзан баспана Қызылордада, ең қымбаты Алматыда тіркелді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Krisha.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Аналитикалық қызметтің мәліметінше, жыл басынан бері орташа бағаның динамикасы тұрақты. Қаңтар мен маусым аралығында 10 қалада пәтер бағасы төмендеді:
- Қызылордада (-3%)
- Семейде (-1,9%)
- Шымкент пен Қарағандыда (-1,7%)
- Алматыда (-1,3%)
- Атырауда (-1,2%).
Қостанай, Өскемен, Павлодар, Тараз қалаларында 1% шегін көрсетіп тұр.
Статистика бойынша баға алты қалада қатты өскен. Ең қымбат баға Петропавлда (+4,7%), Ақтауда (+3,1%) және Оралда (+1,9%) болды. Астанада бағалар іс жүзінде өзгеріссіз қалды.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда жоғары қабаттағы пәтер құны 10% түскенін жазған едік. Дегенмен жалға алу құны біршама өскен. Қазақстан бойынша бес айдың қорытындысына сәйкес жаңа үйлердегі пәтерлердің бағасы өткен жылмен салыстырғанда небәрі 2,2% өскен. Қайталама нарықтағы үйлер 2% арзандады.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"