AAPL
148.56 $
1.79 %
TSLA
643.38 $
-5.55 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
8.81 %
FB
369.79 $
22.84 %
FRHC
65.1 $
2.48 %
AAPL
148.56 $
1.79 %
TSLA
643.38 $
-5.55 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
8.81 %
FB
369.79 $
22.84 %
FRHC
65.1 $
2.48 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бізді жезөкше деп ойлады": Түркияда түнгі клубта үш қазақстандық әйел соққыға жығылды (видео)

Желіде Ыстанбұл қаласында қазақстандық қыздардың төбелесіп жүрген бейнежазбасы жарияланды.Қазіргі уақытта олардың бірі түрік азаматының денсаулығына зиян келтірді деп айыпталуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бізге белгілі болғандай, жанжал қыздардың орынды босатудан бас тартуынан басталған. Күзетшілер оларды күштеп шығаруға тырысып, ұрыс кезінде қазақстандық әйел Түркия азаматының саусағынан тістеп алған.
Алайда бейнебақылау камерасындағы кадрлардан ер азаматтардың қыздардың бірін бірнеше рет ұрғанын көруге болады.

32 жастағы сұлулық салонында жұмыс істейтін Ұлбосын Малғаждарованың құрбысы клубқа жай ғана көңіл көтеруге барғанын айтады. Алайда күзетшілер полиция қызметкерлеріне жанжалдың мекемеге кірер алдында болғанын айтып алдаған.

"Күзетшілер біздің кіруге таласқанымызды айтты. Бірақ біз ол кезде іште болдық. Мен дәретханаға  кеткенде, олар менің құрбымды ұрған. Мен оларды ажыратуға тырыстым. Алайда мені қабырғаға тақап алып, аяғымен тепкіледі. Бастапқыда олар біздің нөмірімізді сұраған. Біз өзімізді қорғауға тырыстық", – дейді әйел.



Екінші құрбысына достарына жіберу үшін мекемені суретке түсіргенін айтады. Алайда, сол кезде оны даяшы итеріп жіберіп, клубқа кіре алмайтынын айтқан.

"Өзін менеджер ретінде таныстырған адам біздің қасымызда отырып, телефон нөмірімізді сұрады. Ол бізді жезөкше деп ойлады, біз ұрыспадық. Ол менің құрбымның басына қойып қалды. Артынан оны ұстап алып, ұра бастады. Мен полицияның нөмірін теріп, "мен полицияға қоңырау шаламын" деп көрсеттім. Сосын келіп мені ұра бастады. Бір ер адам Ұлбосын шашынан ұстап алды. Ал екіншісі оның аузын ашуға тырысты. Құрбым қолын тістеп алды", – деп еске алады ол.

Қазақстандықтың адвокатының айтуынша, клиенті құрбыларымен отырғанда олар үш рет келіп, телефон нөмірлерін сұраған. Бірақ олар бермеген. Кейін жанжал басталып кеткен.

"Олардың бірі дәретханаға бара кеткенде, ер адамдар тағы да нөмірлерін сұраған. Сол кезде олар мекемеге шағымданатынын айтып, қөмірлерін бермей қойған. Осы кезде одан телефонын жұлын алып, жерге лақтырған. Күзетшілердің бірі Ұлболсын шашынан ұстап алса, екіншісі екі қолын аузына салмақ болады. Қыз оның қолын тістеп алған", - деді құқық қорғаушы.

Зардап шеккен күзетшіге көмек көрсетіліп, ал қыз қамауға алынған деп хабарланды. Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулдығы айып тағылған қызбен байланыста екенін мәлімдеді.  

Қазақстандық қыздың адвокаты Небикан Орхан сотқа жинаған суреттері мен мәліметтерін ұсыну арқылы қамауға алу туралы шешімге қарсы шағымданған.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр