Спорттық гимнастикадан Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамы белгілі болды
Спорттық гимнастикадан лицензиялық Азия чемпионатында өнер көрсететін Қазақстан құрамасының спортшылары белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ҰОК
Өзбекстан астанасы Ташкентте спорттық гимнастикадан лицензиялық Азия чемпионаты өтеді. Бұл додаға құраманың үздігі Милад Карими бастаған қазақстандық спортшылар да қатысады. Бас бапкер Александр Ким Ташкент төрінде Милад Карими, Нариман Құрбанов, Ілияс Азизов, Фарух Нәбиев, Дмитрий Патанин және Диас Тойшыбек сынға түсетінін мәлімдеді. Команда сапында Карими көпсайыстан, Құрбанов ат снарядынан олимпиада жолдамасын алып қойған. Қалған спортшылар құрлыққа бөлінген бір жолдамаға таласады.
Айта кетейік, Азия чемпионатына Қазақстан сапынан екі төреші шақырту алса, еуропалық төрешіден алтауын алдырған. Тимур Әміртаев қол тіреп секіру және еркін жаттығуда, Александр Ким қоссырықта төрелік етеді.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

