Сот Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімін тағы 2 айға ұзартты
Алматыдағы мамандандырылған ауданаралық сот Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімін тағы 2 айға ұзартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Алматы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2023 жылы 20 маусымдағы ақпараты бойынша, сот қаулысымен тергеу органдарының Қ-ға қатысты қамауда ұстау мерзімін ұзартуын санкциялау туралы өтініші қанағаттандырылды. Яғни күдікті 2023 жылдың 21 тамызына дейін қамауда отырады”, - делінген сот хабарламасында.
Айта кетейік, Қайрат Құдайберген 2022 жылдың 22 сәуірінде қамауға алынған. Кейін қамауда ұстау мерзімі 21 маусымға дейін ұзартылған.
Алматы прокуратурасы ұсынған мәліметке сәйкес, депутат жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды және қатысты деген күдікке ілінген.
Талқылау
"Халыққа құрметсіздік танытты": Танымал қазақстандық бренд "Борат" образын қолданғаны үшін сынға қалды
"Борат" Қазақстан қоғамы үшін бұрыннан даулы әрі сезімтал тақырып
Желіде шетелге шыққан қазақстандықтарға сыйақы ұсынатындар көбейген: Мұның артында не тұр
Ведомоство мұндай жағдайлар жауапкершілікке әкелетінін ескертті