"Соның кесірінен "Камриімнен" айырылып қалдым": Әуелбекова экс-күйеуіне қалай алданғанын айтты
Жуырда туған күнін атап өткен Мөлдір Әуелбекова қымбат көлікке ие болды. Instagram оқырмандары темір тұлпарды әншінің бұрынғы күйеуі сыйлады ма деген ойға келді. Әнші жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Көлікті бұрынғы жолдасыңыз алып берді ме?" – деген сауалға әнші:
"Керісінше бәрі. Қайта соның кесірінен қаншама тер төгіп жүріп, өзім алған "Камриімнен" айырылып қалдым. Аллаға тапсырдым. Ондайларға басқа айтар сөз жоқ қой", – деп жауап берді.
Мөлдір осы уақытқа дейін қымбат сый жасайтындай жомарт адамды кездестірмегенін атап өтті.
"Маған ешкім ештеңе алып бермеді. Өмірімде ондай мәрт адамды кезіктіріп көрмеппін. Осы уақытқа дейін жеткен жетістігім – өзімнің 18 жылдық еңбегім. Аллаға шүкір", – деді ол.

"Артыңыздан жүрген жігіттер бар ма?" – деген сұраққа Әуелбекова:
"Көп, бірақ шанс жоқ", – деп қысқа қайырды.

Түлкілер неге қала ішіне емін-еркін кіріп, қар барыстары төмен түсті: Зоолог Алматыдағы жағдайды түсіндірді
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді
Аптап ыстық 450 мың адамның өмірін қиюы мүмкін: Эль-Ниньо Қазақстанға қалай әсер етеді
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ