Солтүстік Кореяда карантинге жіберілген ер адамды қоғамдық моншаға барғаны үшін өлім жазаcына кесті
Солтүстік Кореяның шенеунігі карантин кезінде қоғамдық моншаға барғаны үшін оққа ұшты.

Дереккөздің хабарлауынша, шенеунік қазіргі уақытта коронавирустың жаңа түрі таралып жатқан Қытайға барғаннан кейін карантинге ұшыраған. Оның қоғамдық моншаға бару арқылы карантин шарттарын бұзғаны айтылады.
Нәтижесінде, шенеунік Корея Халық Демократиялық Республикасының басшысы Ким Чен Ынның жарлығын бұзғаны үшін қамауға алынып, дереу өлім жазасына кесілді.
2019 жылғы 31 желтоқсанда Қытай билігі Уханьде пневмонияның басталғанын хабарлады. Аурудың қоздырғышы - Covid-2019 ресми атауы берілген коронавирустың жаңа түрі. Соңғы мәліметтер бойынша, 1300-ден астам адам коронавирустық инфекциядан қайтыс болды.
Қазақстандық ер адам егіз қызы мен ұлын зорлады деп айыпталды: Анасы бірнеше жылдан бері әділдікке жете алмай жүр
Қылмыстық іс 6 рет тоқтатылған екен
"Көзқарастары ескі, жас мамандарды төмендетеді": Қазақстандық жас мұғалімдер үлкен буынмен жұмыс істеудің қиындығын айтты
Ал көпжылдық тәжірибесі бар мұғалімдер зейнет жас мәселесін қайта қарастырсын дейді